Алло? Алло! Осы сөзді күніне қанша рет айтады екенбіз? "Алло?" сөзі әр тілде әрқалай айтылса да, түп төркіні бір "Алло". Ал осы сөз қайдан шықты?
Күллі әлемді бір-бірімен байланыстырған алғашқы телефонды саңырау балаларға арналған мектеп оқытушысы Александр Белл құрастырғаны жайлы мына мақаладан таныс болдыңыздар. Алғашқы телефон пайда болысымен, Белл сәлемдесудің белгісі ретінде "Ahoy" сөзін қолдануды ұсынды. Біле білсеңіз, "Ahoy" неміс теңізшілерінің сөздігінен алынған сөз екен. Кейін келе, есімі бүкіл дүниежүзіне мәшһүр өнертапқыш, алғашқы қызу шамын ойлап тапқан Томас Эдисон күнделікті пайдаланып жүрген "Hello" сөзін ұсынды. Ал "Hello" сөзі бірнеше рет бұрмаланып, "Аллоға" айналып кетті.
Форумда талқылау
Сурет nnm.ru сайтынан