Juno зонды алғашқы Юпитер орбитасының түрлі түсті суреттерін жіберді. NASA жария еткен фотоларда планетаның ірі төрт серігінің үшеуі - Ио, Еуропа мен Ганимед анық көрінеді.
Американың автоматты планетааралық стансасы 20 ай ішінде Юпитерді 37 рет айналып шығады. Оған 5 мың шақырымға шейін жақындайды. Juno зондының міндеті - Жерге осы планетаның құрылысы, атмосферасы және магнитосферасы туралы ақпараттар жинап жіберу.
Бес жылға созылған ғарыш сапары кезінде станса 2,8 млрд км қашықтықты ұшып өтті. Қанықтылығы жоғары фотокамера Күн жүйесіндегі ең үлкен планетаны түсіруді 10 шілдеде бастады.
Алғашқы суреттің сапасы төмен. NASA-ның есептеуі бойынша Juno жерге сапалы суреттерді бірнеше аптадан соң жібере бастайды.
Дереккөз: inform.kz