Бүгінде көптеген жастар бос уақытының көп бөлігін әлеуметтік желілерде өткізеді. Кейбір адамдар жастардың соның «арқасында» топастанып бара жатқанын айтып, әлеуметтік желілердің ешбір пайдасы жоқ деп есептейді. Бірақ, шынымен де солай ма? Сонымен, ғаламтордағы белсенді өмірдің оң жақтарын іздеп көрсек.
Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлетін адамның әдетте «досы» көп болады. Ол өзінің достары немен айналысып жатқанынан, жалпы айналада болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отыруға септігін тигізеді. Ал бұл сөзсіз плюс. Тағы бір пайдасы есте сақтау қабілетін жақсартады.
Әлеуметтік желілерде адамдармен араласу, бізге қарым-қатынасуда үлкен тәжірибе береді және сол тәжірибені шынайы өмірде қолдануға ешнәрсе кедергі бола алмайды, тек ебін тапса болғаны.
Әрдайым жақындарыңмен байаныста болу – барлық әлеуметтік желілердің негізгі ерекшелігі. Мұндай мүмкіндік әдетте жағымды эмоция сыйлап, көңіл-күйді көтереді.
Әлеуметтік желілер адамның жылдам жазуға машықтанады. Мұның офистік жұмыста іске жарары сөзсіз.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: techtalkafrica.com