1-бөлім
Үлкендердің ми жасушалары жетілмейді - Өтірік
Адам миының өсу мен жетілу процесінің негізгі бөлімі балалық шақта болғанымен, ми жасушаларының бөлінуі үлкендерде де тоқтамайды. Зерттеу нәтижелеріне көз жүгіртетін болсақ, адам ағзасындағы нейрондар өсіп, жетіліп, сонымен қатар, өмір-бақи жаңарып отырады. Сондықтан «жүйкем тозды», «қашан ақылды болар екенмін» деген сияқты сөздер бос сөз.
Тауық сорпасы (бульон) тұмаудың алдын алады – Рас деуге болады
Дәл тауық сорпасымен тұмаумен ауырған немесе суықтап қалған адамды емдей алмайсың. Дегенмен ғалымдар ауырған жақындарына тауық сорпасын қинап жұтқызатындарды қолдайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сорпа құрамында аурудың тарауына, немесе біреуге жұғуына қарсы тұратын қасиет бар екен. Сондықтан не ойласаңыздар да, аналарыңыз дұрыс шешім қабылдаған.
Найзағай ешқашан бір жерге екі рет түспейді – Өмірге қауіпті өтірік
Шынында бәрі мүлдем керісінше. Тіпті найзағайдың өзіндік «талғамы» бар деуге де болады. Барлықтарыңыз білетіндей, найғазай көбіне төбелерге түседі. Сондықтан жаңа ғана найзағай түскен ағаштың астына тығылудың еш қажеті жоқ және аман қалу пайызы да төмендейді. Мысалы Американың атақты зәулім ғимараты Empire State-ке жылына орта есеппен 25 рет найзағай түседі екен.
Иттің аузы адам аузынан тазалау – Салыстыруға болмайды
Иттер тілі мен тұмсығын таза деп айтуға келмейтін жерлерге сұғуына қарамастан, олардың ауыз қуысы адамға қарағанда тазалау болып есептеледі. Шынында әрбір тірі ағзаның ауыз қуысындағы бактериялар әртүрлі болғандықтан, оларды салыстыруға келмейді. Сондықтан есте сақтаңыз, ит адамнан таза емес, ол бар болғаны басқа ағза.
Егер адам жаңбыр жауғанда жүгіретін болса, онда аз суланады – Рас (Математикалық дәлел)
Осы процесті сипаттауға арналған математикалық теңдеулер қатары мұның рас екенін дәлелдеді. Егер жүгіретін болсаңыз, костюміңіздің кеудесін бүлдіру ықтималдылығы жоғарылайды. Ал егер қалыпты жүріспен жүретін болсаңыз, шашыңыздың басқа жерлеріңізге қарағанда едәуір көп сулану қаупі бар. Сондықтан таңдау сізде...
Жыл мегзілдерінің ауысуы Жердің Күннен қашықтауына байланысты - Өтірік
Жер мен Күннің арасындағы қашықтықтың өзгеруі Жердегі температураның өзгеруіне үлкен үлес қоспайды. Бар мәселе Жер осінің Күнге көлбеу бұрышпен қарауында және соның нәтижесі жыл мегзілдерінің ауысуына әкеледі. Бар болғаны осы...
Есінеу «жұқпалы» - рас
Жасалған тәжірибелер бойынша, бір адам есінегеннен соң, ол айналасындағы адамдарға жұқтыратыны бәріңізге мәлім. Бұның ғылыми жағынан қаншалықты рас екенін айту қиын, бірақ антропологтардың мәлімдеуінше, біреуден соң есінеу рефлексі бізге маймылдардан қалған.
Жалғасы бар
Сурет: clipart.net.ua