- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әлемдегі тұңғыш 3D...
Әлемдегі тұңғыш 3D қалам
Ойыншықтар жасаушы WobbleWorks шағын компаниясы әлемдегі тұңғыш 3D қалам жасаудың жобасын көрсетті. Оның құрылысы мен қызметі желім құралына өте ұқсас.
3Doodler қаламы тормен сурет салады. Ал сияның орнына пластик қолданылады. Пластик қаламнан шыққан соң тез арада қатып, құрамы қатты қалыпқа өзгереді.
3Doodler – қаламсап формасында жасалған нағыз 3D-принтер. Сол себептен, осындай тамаша өнертабысты иемденген адамдар компьютер мен бағдарламалық жасақтамасыз-ақ көлемді объектілерді оңай сала алады. Осылайша, 3Doodler суретшілерге, дизайнерлерге және де архитекторларға жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруда қолайлы жағдай туғызып отыр.
Жазуға стандартты 3 миллиметрлі пластикалық шыбықтар қолданылады. Пластик лезде қатып қалады.
Қаламсап салмағы 200 граммға жетпейді. Сонымен қатар, 3Doodler-дің екі қызметі бар: бірі көлемді жерлерді толтыруға болса, екіншісі шебер жұмыстармен айналысуға арналған. Өнертапқыштардың айтуынша, қаламмен оңай формалы объектілерді салуға бірер сағатта бейімделуге болады. Ал тегіс жерде сурет салу ешқандай машықты талап етпейді-міс.
3D-қаламмен тек қолмен сурет салып қана қоймай, сайттан олардың үлгілерін алып, қағазға басып шығаруға болады. Олардың әрқайсысын бөлек-бөлек салып, кейін құрастырушы сияқты жинауға болады екен. Жоба авторлары дайын үлгілер кітапханасы қолданушылардың көмегімен әрдайым толықтырылып, сайтта жүздеген, мыңдаған нұсқалар болады деп үміттенеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: designyoutrust.com, 3dnews.ru
А. Құлтай