Әлемдегі масштабы бойынша ең үлкен болатын телескоптың құрылысы басталды. Бұл туралы Еуропаның оңтүстік обсерваториясы хабарлады. Жаңа құрылым мен технологияға ие болатын ғылыми нысан Чилидегі Атакама шөлінде салынбақ.
Негізі бұл жоба 2012 жылы жалпы кеңесте құпталып, қаржы бөлуге бұйрық берілген болатын. Дегенмен, құрылысты бастауға жалпы салымның 90%-ы бөлінуі тиіс болды. Бірден қомақты қаржыны бөлуге Еуропа одағының мүмкіндігі болмай, жұмыс екі жылға кешеуілдетілген еді. Дегенмен, кейіннен Польша елі толығымен қолдау білдіруді мақсат етіп, телескоп құрылысы басталып кетті. Инженер-құрылысшылар мен астрофизиктердің есебі бойынша ең алып обсерваторияны салуға 10 жыл уақыт кетеді екен.
2024 жылға қарай ғарыштық бақылаулар жүргізілетін телескоптың көмегімен ғалымдар алыстағы жұлдыздарды, экзоғаламшарлар мен өзге де ғарыштық нысандарды дәлірек зерттей алатын болады.
Сурет: www.eso.org