Америкалық Animal Haven деген зообаққа салмағы 15 килограмм тартатын "Спанч Боб" атты сары түсті мысық түскен. Хайуанаттарды паналататын Animal Haven қызметкерлері бұл мысықтың салмағы төрт жасар баланың салмағымен бірдей екеніне таң қалып отыр.
9 жасар Спанч Бобтан артық салмаққа байланысты ешқандай маңызды ауру табылмаған. Бірақ зообақ қызметкерлері мысықты тез арада диетаға отырғызып, арнайы жаттығулармен айналыстыра бастаған екен. Әлемдегі ең ірі мысық үшін еркін жүріп-тұруына ыңғайлы үлкен тор жасалған, сонымен қатар оған арнайы диеталық тағамдар беріле бастапты.
Спанч Бобтан бұрын әлемде 18 килограмм тартатын Мяу деген мысық өмір сүрген екен. Ол паналаған Нью-Мехико зообағының қызметкерлері мысықты артық салмақтан арылту үшін көп жұмыс жасаған. Бірақ олар өз мақсаттарына жете алмапты.
5 мамыр күні ақшыл-сары түсті Мяу сол қалпы салмақ тастамастан өмірден озған.
Тарихтағы Гиннестің рекордтар кітабына енген Австралиялық Химми атты ең үлкен мысықтың салмағы 21,3 килограмм болғандығын да айта кетелік. Бұл бақытсыз мысық та өзінің үлкен салмағының кесірінен уақытынан бұрын көз жұмған екен.
Ал, Спанч Боб өзінің артық салмағынан арылып, жақын арада оны паналататын отбасы табылатынына сенеміз.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: mirfactov.com