Әлемдегі ең алып сәби Қытайдың Синьсян қаласының Хэнань провинциясында дүниеге келген. Ол ата-анасы мен аурухана қызметкерлерін өзінің 17.04 килограмм салмағымен таң қалдырған. Сәбидің салмағы сонша ауыр болғанына қарамастан, анасы баланы жеңіл босанған әрі екеуі де өздерін жақсы сезінеді.
Жергілікті баспасөз қызметкерлеріне берген сұхбатында алып сәбидің анасы 29 жасар Ван Юджунның айтуы бойынша, ол жүкті кезінде сәбиінің ерекше болып туылатынын сезген, бірақ осынша үлкен болып туылатынын күтпеген екен.
2008 жылдан бері Қытайда 7 килограмм салмақтағы үш сәби дүниеге келіп үлгеріпті. Осы балалардың арқасында Қытай әлемдегі ең ірі балаларды дүниеге әкелетін ел атанып үлгерген.
17.04 килограмм болып туылған Чон Чун тек шығыс елдерінде ғана танымал болып қоймай, Гиннестің Рекордтар кітабына енген.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет skuky.net