Әлемдегі ең ақылды адам біздің замандасымыз, Миссури штатының тұрғыны - Мэрилин Вос Савант. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. Мэрилиннің асқан қабілеті бала кезінде-ақ белгілі болған екен. 10 жасында алғырлығымен көзге түскен ол сол кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
IQ – парасаттылық коэффициенті – адамның ойлау, алға қойған мақсатына жете білу, дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін көрсететін бірлік.
Ғалымдардың есептеуі бойынша өткен ғасырдағы ғалымдардың парасаттылық коэффициенті мынадай болыпты: Гетеде - 200 бірлік, Ньютонда 190 бірлік, Галилейде 185 бірлік, Коперникте 130 бірлік.
Мэрилин 1946 жылы 11 тамызда дүниеге келген ару. Тегі француз тілінен аударылғанда «ақылды» дегенді білдіреді. Мерилин қазіргі таңда «Парад» журналында «Мерилиннен сұра» деген айдарды жүргізуде. Интернеттегі жеке парақшасы арқылы да халықпен байланысқа түсіп жүр. Зерек жан кітап жазумен де айналысуда.
1987 жылы Мэрилин атақты биолог Роберт Джарвикаға тұрмысқа шықты. Роберттің жасанды жүректі ойлап тауып, жұртшылыққа алғаш ұсынған атақты ғалым екендігін айтып өтелік. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) -180 болса, жұбайлардың үлкен ұлының көрсеткіші (IQ) - 164 бірлік екен.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: imworld.ru