- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әлемдегі ең адал...
Әлемдегі ең адал жұп - әлемдегі ең бақытты отбасы
107 жастағы Карам мен 100 жастағы Катари Чандқа бүгінде бүкіл әлем қызыға да қызғана қарайды. Өйткені, олар бүгінгі күні әлемдегі ең адал жұп ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Өйткені, олар 87 жыл бойы қосақталып бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Бақытты жұп Үндістандағы Пенджаб қаласында отау тігіп, бертін келе Англиядағы Бреэдфордқа қоныс аударған. Бүгінгі таңда пешенеге жазған 8 бала мен 28 немеренің ата-әжесі.
Адалдықтың ақ туын желбіреткен жұп бір-біріне ешқашан қатты сөз айтып көрмеген. Тіпті, ренжісіп қалған жағдайдың өзінде мақтамен бауыздаудан аса алмапты. Және Карам отбасының отағасы болған соң үнемі күлдіргі әңгімелер айтып, жан жарының көңілін табуға тырысса, Катари да әйелге тән қулықпен ерінің көңілінен шығып отыратын көрінеді.
Семіз биенің бүйрегіндей салмақтауға келетін сары ала сабыр - мәңгілік бақыттың басты құпиясы. Әсіресе, Карам ол жағынан келгенде нағыз төзім мен болаттай қайраттың иесі болып табылады. Ол үнемі әйелін түсінуге тырысып, темекі шегу, арақ ішу секілді жаман қылықтарға аттап баспайды екен.
Ең бастысы, екеуі тағы да 80 жыл отбасылық ғұмыр кешсек дейді. Қылжақбас Карам мен Катаридің ендігі бар армандары осы...
суреттер:smartbooka.net
дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига