Балалық шақта үлкендер орманда болатын қорқынышты оқиғалар туралы айтудан жалықпаушы еді ғой?! Ол күн де енді қарасақ артта қалыпты. Бірақ, сол оқиғалардың елесі санамызда әлі күнге бұғып жатқаны анық. Ендеше, қоштасатын кез келіп тұр. Ол үшін әлемдегі тылсым да қорқынышқа толы ормандарға бір барып қайту керек.
1. Аокигахара орманы, Жапония.
Фудзи тауының етегінде орналасқан бұл орманның өз атауы бар. Ол - "Ағаштар теңізі". Қазіргі таңда әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі. Олай деп айтуға себеп, жыл сайын қаншама адам осы жерде жоғалып, қаншама адамның өлігі табылып жатады. Ешқандай компас атаулы жұмыс істемейді. Ең қорқыныштысы сол, жергілікті халық түнімен шыңғырған адамдардың дауысын естіп жатады екен...
2. Уичвуд, Англия.
Бұл орманға бір рет ізі түскен адамдар өздеріне белгісіз бір нәрсенің қолы тигенін, қастарынан өткенін айтуға бейім. Және ел түсінігінде орман ішін Эмми Робсарттың (Граф Лестердің әйелі болған) елесі кезіп жүретін көрінеді.
3. "Жер тебінген әзәзілдің жері", АҚШ.
Солтүстік Каролина штатындағы Сайлер қаласынан 16 км қашықтықта жатқан орман ішінде диаметрі 12 метрді құрайтын сақина тәріздес орын бар. Міне, осы бір сақинаның ішінде ешнәрсе өспейді. Ит пен құс-атаулы жолауға қорқады.
4. Хоя-Бачу, Румыния.
Мұнда да бөлініп қалған сақинаның орны кездеседі.
5. Қуыршақтар аралы, Мексика.
Қуыршақтар аралы - туристер ағылып жатқан Мексикадағы ең қорқыныштың жер. Бұндағы ағаштардың бәріне ашулы, көрсоқыр қуаршақтар ілінген. Кезінде, осыдан көп уақыт бұрын мұнда Дон Джулиан Сантана есімді дуана өмір сүріпті.
6. Фритаун — Фолл Ривер, Массачусетс, АҚШ.
520 кв. км аумаққа созылып жатқан орман Бриджотер үштігінің бір бөлігі болып табылады. Мұнда да адам сенгісіз оқиғалар орын алып тұрады.
7. Рэндольф орманы, АҚШ.
Аталған орманда улап-шулап жатқан дауыстар жергілікті халықтың мазасын алумен келеді.
8. Эппинг, Англия.
Адам өлімі жағынан бұл орман бәрін басып озатын шығар. Көптеген қарақшылар өлген адамның денесін осында көметін болып шықты.
9. "Ескі үй", Вирджиния, АҚШ.
Соғыс кезінде өліп кеткен британдық солдаттар мен теңіз қарақшыларының елесі кезіп жүреді екен. Және орманнан жақын маңнан адамның бас сүйегі мен мал сүйектері көптеп табылып отырады.
10. "Шыңғыратын орман", Англия.
Жергілікті жұрт бұл жерде 12-14 әруақтың елесі кезіп жүр деп сенеді. Ерте кезден "Шыңғыратын орман" аталып кету себебі, халық жиі-жиі айқай-шуға ұласқан ащы дауыстарды естуге мәжбүр.
сурет:antonovjj.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек