Естеріңізде болса, әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатынбыз. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
Торғай кішкене болғанымен, оның мойын омыртқасы керіктің мойын омыртқасынан бір есе көбірек болады.
Шыбынның тәтті нәрселерді аяғымен сезе алатынына ақылыңыз жетпейді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, оның аяғының сезімталдығы адам тілінің сезімталдығынан он миллион есе артық болады екен.
Адам өмірге алғаш келгенде денесінде 350 парша сүйек болады, ал, азамат болып, есейгенде 206 парша сүйек қалады екен. Себебі, кей сүйектер ержету барысында бірігіп кетеді екен.
Әдетте бөлме ішіндегі ауа молекуласының қимыл тездігі атылған оқтың тездігіндей болады.
Ауа жеңіл ме? Жеңіл деп жауап берсеңіз, қателесесіз. Жұмыс жабдықтары толық қойылған, 25 адам отырып қызмет істейтін бөлмедегі ауаның салмағы сол 25 адамның салмағымен шамалас болады.
Төсекте жатсаңыз, минутына 8,8 литр, отырсаңыз, 17,6 литр, жүрсеңіз, 28,4 литр ауа сіміреді екенсіз. Егер спортпен айналыссаңыз, минутына 55 литр ауа қажет етуіңіз мүмкін.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: livejournal.com