- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әлемді өзгерткен төрт...
Әлемді өзгерткен төрт тал оқ
Бұл төрт тал оқтың бірі Қытай елінің, бірі АҚШ елінің саяси тарихына, тағы бірі адамзат өркениетінің тарихына әсер етсе, ал атылмай қалған тағы біреуі адамзатты зұлмат соғысқа әкеп тіреді деседі.
Егер осы оқ дәл тиген болса, Қытайдың таяу заман тарихы басқаша жазылар ма еді?!
Бұл оқ Қытай териториясында атылып, қытайдың әйгілі бір азаматының жанын жалмай жаздады.
1876 жылы 26 қараша Ұлыбританияның кеме бастығы Ломард Левламандакидің қолбасшылығында бір топ теңізшілер өздері жасаған «Альфа» маркалы және «Гамма» маркалы әскери кемелерімен теңізде үш айға жуық жүріп, Қытайдың Тиан Джин қаласының шетіндегі Дажиеку кемежайына жетіп, екі ел арасында сауда жасасады. Олар жағалауға келіп тоқтап, Чин патшалығы үкіметінің адамдарын күтіп тұрады. 27 күні суық сүйектен өткенімен, күн шайдай ашық еді. Чин патшалығы ордасының бір қызметкері тап-тұйнақтай киініп, заттарды тексеріп алу үшін Ұлыбританиялық Хардтың серік болуымен «Альфа» атты кемеге шықты. Хард бастаған бір топ «зат сатушылар» оның алдында ауызы-ауыздарына тимей тілдерін безеуден сырт, оның көңілін аулау үшін тағы теңіз әскерлерінің жаттығуын көрсетіп жатты.
Суық жел сүйектен өтеді. Чин патшалығы ордасының тексеріп өткізіп алушы қызметкері кеме үстінде үн-түнсіз бар зейінін сала Ұлыбритания теңіз әскерлерінің жаттығуын көріп отырған болатын. Кенет мылтық даусы «тарс» ете қалады да, ысқырған оқ оның лауазым қалпағын жанай өтіп кетеді. Селт ете түскен оның тұла бойынан суық тер бұрқ ете қалды. Атқосшылары қылыштарын суырып, оны қаумалай қоршап, «жендет бар екен» деп айқайласады.
Үлкен саудалық келісімнің бүлінуінен алаңдаған Ұлыбританияның кеме бастығы лезде бұл істі тексертеді. Сөйтсе, теңіз әскерлері жаттығу қосынындағы бір жаңа әскер сасқалақтап, қолындағы мылтық оқыс атылып кеткендігі мәлім болады. Осы сауда келісімін жүргізуші қызметкер атағы жер жарған, соңғы кездегі Чин патшалығының беделді уәзірі Ли Хуңжаң еді. Егер осы оқ оның жанын жалмаған болса, онда Қытайдың таяу замандағы дүниені дүр сілкіндірген шетелден үйрену қозғалысы едәуір тоқырап, Қытайдың дамуы да недәуір баяулаған болар еді. Солтүстік кеме құрамасын құру сынды үлкен келелі істер мүлде болмаған болар еді. Ли Хуңжаң ел намысына дақ келтірер мұндай келісімшартқа қол қоймаған, өзі де арқаламауға тиісті жаман атты арқаламаған болар еді.
Егер бұл оқ дәл тисе, әлем өркениет тарихы басқаша жазылар ма еді?!
Бұл қауіп-қатері жағынан алғанда алдыңғы айтылған оқтан әлде қайда асып түсті.
1863 жылы мәлім бір жас жігіт АҚШ темір жолы негізгі желісінің Стэнфорд орталық бекетінде түнгі телеграммашы болып жұмыс істейді. Ол түнде жұмысқа шығып, күндіз ылғи көне кітаптар дүкеніне барып, өзі ұнататын ғылым-техникаға қатысты кітаптарды таңдап алады. Бір күні оның бағы жанып, аз ақша жұмсап неше ондаған ескі кітаптарды сатып алады. Жерден алтын тапқандай қуанышы қойнына сыймаған ол кітаптарын еппен буып-түйіп алады да, асығыс-үсігіс кешкі кезекшілігіне қарай жүреді.
Келесі күні таң енді ағарып атып келе жатқан. Көше әлі жым-жырт еді. Кешкі қызметтен түскен әлгі жігіт кітапқа толы үлкен сөмкесін көтеріп, қатты шаршағандықтан, қайтып барып қанғанша ұйықтап алу үшін, жарық түсе қоймаған көшеде асығыс-үсігіс келе жатқан болатын.
Кенет оның сол жақ құлақ түбінен не екені белгісіз бірдеңе зу етіп өте шығады. Ол әлгі жігіттің керек болып қалған кезі еді. (1860 жылы бір пойыз қызметкері құлағын тартып қалғандықтан, ол мәңгілік кемтар болып қалған болатын). Жас жігіт дыбысты естімегенімен, бөгде бір заттың құлағын сүйкеп өте шыққанын сезеді де, сол орнында жата қалады. Осы кезде бір шарлаушы әскер жетіп келіп, оны бас салып қолына кісен салады да, сақшы мекемесіне алып барады. Аяқ астынан болған іске жас жігіт аңтарылып қалады.
Тексеру арқылы істің шын сыры анықталады. Қан көшеден ол елең-алаңда толтыра нәрсе салынған сөмкесін көтеріп, асығыс-үсігіс келе жатқанда, шарлаушы қызметкер оны ұры екен деп қалады да «Тоқта! Тексереміз!» деп неше қайталай айғайласа да, мұны естімеген ол өз жөнімен кете барады. Сонымен, оны қашып бара жатыр деп түсінген шарлаушы әскер басынан дәлдеп оқ атады. Кейін, мұның бір түсінбестік болғанын білген шарлаушы оған «Сізді құдай сақтаған екен! Егер мен мерген болсам, онда сіз...» деп кешірім сұрапты.
Шынымен де, бұл өте қатерлі оқ еді. Егер оқ дәл тигенде жас жігіттің ғана емес, адамзат өркениетінің тағдыры да басқаша болар еді. Егер оқ дәл тигенде, вольфрам қылды лампочка, патефон, сымсыз телефон қатарлы тапқырлықтар қай кезде дүниеге келерін кім білсін?! Осы теңдессіз тапқырлықтардың кемістігінен адамзаттың ғылым-техника тарихы сөз жоқ көп кешігер еді. Күні бүгінге дейін дүниежүзінде осы бір жас жігіт жаратқан жасампаздық рекордты ешкім бұза алған жоқ.
Бұл оқ атылған болса АҚШ елінің саяси тарихы басқаша жазылар ма еді?!
Бұл оқты ату-атпау қарауыл мергеннің қас-қағымдық бекіміне байланысты еді.
1777 жылы АҚШ Пенсильвания штатының маңында шайқас бұрқ ете түседі. Ұлыбританияның ерекше бір әскери қосыны АҚШ армиясының қоршауын сәтті бұзып шығады. Ұлыбритания армиясының артқы шебіндегі атақты қарауылшы мерген Фудсон мылтығын АҚШ-тың атқа мінген бір офицеріне кезейді. Аралық 144 метр ғана болғандықтан, оқ ұңыдан шықса болды қалт кетпейтін еді. Бірақ Фудсын оғын іркіп қалады. Сәлден соң әлгі офицердің ат басын шұғыл бұрып, жолына түскенін көрген ол ту сыртынан оқ шығаруға дәті шыдамайды.
Оның алдынан аман қалған бұл офицер – кейінгі Джордж Вашингтон болатын. Кейін Вашингтон АҚШ халқын бастап тәуелсіздік соғыстың ұлы жеңісіне қол жеткізеді әрі одақтық негізгі заңды жасайды. 1989 жылы ол АҚШ елінің тұңғыш президенті болып сайланады да, құрылымы сұрыпталған одақтық үкіметті ұйымдастырады. Заңдық ережелерді жариялап, одақтың ең жоғарғы сот мекемесін құрады. Ол мемлекеттік банк құру жоспарын қолдап-қуаттап, мемлекет сенімділігін тұрақтандырады. Әлеуметтік жер заңы жобасын бекітіп, батыстың ерікті жер заңының негізін салады. 1793 жылы екінші рет президенттікке сайланады. 1796 жылы 17 қыркүйекте ол қоштасу сөзін жариялап, енді президенттік міндет атқармайтындығын білдіреді. Одан кейінгі АҚШ елінің президенттеріне ғұмыр бойы президент болмау, билікті өткізіп беру жағында ең алғашқы үлгі бола білді.
Фудсонның атылмай қалған бір оғынан Джордж Вашингтон ғана емес, күллі АҚШ елі және демократиялы саяси орта да аман қалды.
Егер бұл оқ атылса, әлем тарихы басқаша жазылар ма еді?!
Бұл оқтың атылмай қалуы – тұтас адамзат үшін зұлмат болды дейді кейбір саясаткерлер.
1919 жылы 28 қыркүйекте Францияның шағын қалашығы Маркондағы өткелге таласу шайқасы тым қиян-кескі болады. Қанды қырғыннан кейін Германия әскері ойсырай жеңіліп, шептен амалсыз шегінеді.
Екі жақтың атысы толастап қалған шақта Ұлыбританияның 27 жастағы екінші дәрежелі әскері Генри Тенди Германия әскері шебінен бір жаралы жауынгердің теңселе басып бұлғақтап тұрып бара жатқанын байқайды да, нысанаға алады.
Бірақ Тенди біраз кезеніп тұрып, оқ шығармастан мылтығын түсіреді. Әлгі жаралы жауынгер жығыла-сүріне көзден ғайып болады.
Тенди өлімге қимай қоя берген Германияның осы жаралы жауынгері дәл Адольф Гитлердің өзі еді. Кейін ол ІІ дүниежүзілік шайқастың білтесін тұтатып, бүкіл жер шарындағы 61 мемлекет пен аудан қатысқан соғыс жасайды, онда 2 миллиардтан астам адам соғысқа қатысады. 90 миллионнан астам адам жанынан айрылып, 400 миллиардтан астам АҚШ доллары шығындалады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек