Әлем танитын таңбалар (3-бөлім)

Дәстүр бойынша, әлем мойындаған ең танымал таңбалар туралы  әңгімелеуді жалғастырамыз.

Амперсанд

& - баспахана таңбаларының арасындағы көненің көзі ретінде саналатын ең ежелгісі. «Және» шылауының орынын басатын бұл нышан еуропалық тілдердің барлығында қолданылады. Амперсанд деген атқа ие бұл таңба өз бастауын латын тілінен алады және оның қызмет етіп келе жатқаныдығына екі мың жылға жуық уақыт болған екен. Тарих беттерін парақтар болсақ. б.з.д 63 жылы Цицеронның үзеңгілесі Тирон рим философының сөздерін қағазға түсіру барысында осы бір қысқарту жүйесін ойлап тапқан деседі. Бүгінде заманауи дизайндық жұмыста да амперсанд е және t әріптерінің қосындысы ретінде қаралады.

Крест

Крест – христиан діні пайда болмай тұрып-ақ адамзаттың ең танымал таңбаларының бірі болған. Ежелгі Қытай, Үндістан, Еуропа мәдениеттерінің ескерткіштері арасынан табылғандығы, оның халықаралық нышан болғандығын дәлелдейді. Бастапқы кезде таңба – өмір ағашының нышаны болған көрінеді. Ал,ежелгі химиктерде крест – ауа, жер, су және оттың кейпін білдірген. Кейіннен, Иса Пайғамабарды керіп, шегелеп тастау жазасына байланысты, христиан дінінің таңбасына айналып кетті.

Свастика

Свастика – сөзбе-сөз аударғанда, «аман-есендік» деген мағынаны білдірсе, екінші бір мағынасы «күн құсы» дегенді нұсқайды. Өкінішке орай, Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары бұл таңба фашизмнің нышанына айналып кетті.

Егер біреу сізге: «Свасти!" деген болса, күлімдей беруіңізге болады. Өйткені, санскрит тілінде бұл «сәлемдесу, сәттілік тілеу» мағынасында қолданылады. Сәттілік нышанын көптеген елдерде ғимараттарды сәндеу, киім сәндеу мақсатында пайдаланады.

Бізде сізге сәттілік тілейміз!

Пентаграмма

Сөзбе-сөз аудармасы – «бес сызық» дегенді білдіреді және ең ежелгі таңбалар қатарына жатады. Фашизм өзіне свастиканы нышан ретінде алған болса, КСРО нақ осы таңбаны таңдаған екен. Таңбадағы советтік жұлдызшаны өзіңіз де байқаған боларсыз. Таңбаның тарихына көз жүгіртер болсақ, алғашқы пентаграмманы б.з.д. 3500 жылдары ежелгі Урука атты қаланың тұрғындары салған екен.

Бертін келе, египеттіктер өз мүсіндерін осы таңбамен безендіретін болған. Ал, шығыс халықтарында бұл барлық апаттың бірлігі ретінде қаралған: оттың, жердің, судың, ауаның және жердің. Олардың пентарграмма – жауыздықтан сақтап, мейірім нұрын төгеді деп сенген. Және солай болды. Кеңестер Одағы жауыздықтың шырмауынан босап, жеңіске жетті.

 

Суреттер:craftsouz.ru,slavyanskaya-kultura.ru,sunhome.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева