Адам ақшаның құлына айналып бара жатқан кезеңде, сарапшылар алдағы байлықтың, бай адамдардың санын анықтап үлгеріпті. Егер әр ел осы қалпында аман тұрса, әлемдегі миллионерлер саны төмендегідей болады екен-мыс.
Гонконг қаласында шығатын «Мәдениет мәлімдемесі» газетінің хабарына негізделгенде, Америка экономикасының құлдырауына қарамастан, ондағы миллионерлер саны әлі де дүниежүзінде алдыңғы орында екен. Руи Шин банктың алдын ала жоспарланған санды мәліметтерінде Америкада алдағы бес жыл ішінде және 5 миллион адам миллионерлер қатарына қосылады делінген. (Қарыз төлеу жауапкершілігі барларды санақтан шығарып жібергеннің өзінде жалпы капиталы 1 миллион доллардан асатындар саны 2017 жылға барғанда 16 миллион 900 мыңға жетеді екен. Бұл жалпы миллионерлер саны 50%-ға көбейді деген сөз).
Руи Шин банктың есебіне сүйенсек, Америкада қазір 11 миллион миллионер бар, ал солтүстік Америкада шамамен 40 мың адам 50 миллионнан артық мүлікке ие. Азия елдеріндегі байлар саны алдағы бес жылда 70%- ға көбейеді, бірақ, сонда да миллионерлер саны Америкадан 50%-ға аз болады екен.
Бұл банктың алдын ала мөлшерінде, 2017 жылы бүкіл жер бетінде миллионерлер саны 46 миллионнан асатынын, бұл қазіргіден 18 миллионға көп болатынын айтады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: krokodilgena.net