- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Алдағы 100 жылда...
Алдағы 100 жылда жер бетін су басуы мүмкін
Жер бетіндегі температура осы жүзжылдықтың соңына дейін Цельсий шкаласы бойынша 4 градусқа артуы мүмкін. Бұл туралы Бүкіләлемдік банк өзінің «Turn Down the Heat» баяндамасында айтты.
Аталған банктің тапсырысы бойынша, Потсдамск климат әсерін зерттеу институтының мамандары мен «Climate Analytics» коммерциялық емес ұйымының дайындаған баяндамасында осы туралы айтылған. Ғалымдардың айтуынша, алдағы жүзжылдықта теңіз деңгейі көтеріліп, мұхит жағасындағы елді-мекендерді су алуы мүмкін. Мұндай жағдайда шөлді, сусыз аймақтар одан сайын ыси түссе, сулы аймақтар ылғалдана түседі. Ең көп зардап шегетіндер - кедей мемлекеттер.
"Бұл процестің алдын алуға әбден болады. Ол үшін біз бар күш-жігерімізді салып, орташа температураны 2 градустан асырмай ұстап отыруымыз керек", - деді Бүкіләлемдік банктың басшысы Д.Е.Ким.
Зерттеуші топтың болжауынша, барлық мемлекеттер өзіне артылған міндетті орындап отырған күннің өзінде жылыну 3 градусқа дейн жетеді.
Айта кетелік, Бүкіләлемдік банк бұл жобаға осы уақытқа дейін 50 миллиард доллар инвестиция құйған. Ұжым бұдан бөлек кедей мемлекеттерге қолдау көрсетумен айналысады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: newsby.org