- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Алақан сызықтары тағдырды...
Алақан сызықтары тағдырды болжай ма?
Әлем халқы адам алақанындағы сызықтар арқылы өткенді, қазіргіні, тіпті, болашақты болжап білуге болады деген ойда екендігі жасырын емес. Мұндай ойдан адамын деп ақталғаныңыздың өзінде, вокзалдағы сығандар немесе кәсіби хироманттар (хиромантия - алақандағы сызықтарды зерттейтін арнайы ғылым, ал онымен айналысушылар хироманттар деп аталады) осы тұжырымды ортаға тастайды.
Сығандардың сөзіне құлақ аспай, ғылыми тұрғыдан алып қарайтын болсақ, алақандағы сызықтар немесе алақан әжімдері жұдырықты ашу және жабу үшін, әртүрлі заттарды ұстау, қажетке жарату үшін қажет. Сондай-ақ бұл сызықтар арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады.
Яғни, сызықтар қолдағы терінің созылып кетпей, икемді болуы үшін қызмет етеді. Бұл сөзімізді саусақтардың бүгілетін жеріндегі қатпарлардың әлдеқайда көп және тереңдеу келетіндігі дәлелдей алады.
Алақанның бетінде өте айқын көрінетін үш сызық бар. Бұл сызықтар: өмір, жүрек және ақыл сызықтары деп аталады.
Ал горизонталь өтетін көлденең жатқан жалғыз қатпар (симиан сызығы деп аталады) адамның дұрыс дамымағандығына куәлік ете алады. Әдетте мұндай алақандар Дауна синдромына тап болған балаларда және фентальді алкаголь синдромы қойылған адамдарда кездеседі.
Жоғарыда айтылған фактілерге сене отырып, нақты диагноз қоюға мүлде болмайды. Себебі, алақандағы сызықтардың саны, тереңдігі адамның нәсіліне, генетикасына тікелей байланысты болады.
Суреттер: byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева