Ақырзамандар кестесімен танысып қойыңыз

Жер бетінде мәдениеттердің көптігі секілді, ақырзаман туралы болжамдар да сан-қилы. Олай болса сіздерді болжанған апокалипсистердің 2020 жылға дейінгі кестесімен таныстырамыз.

2013 жылы Скандинвия мифологиясы бойынша, Рагнарок (соңғы күн) болады. Құдайлар мен құбыжықтар соғысып, нәтижесінде жер ғаламшары жойылады екен.

2014 жыл. Күн жүйесін ғарыш бұлттары басады.

2015 жыл. Тарихшы Николай Чмыховтың ойынша, жер бетіндегі табиғи, қоғамдық үдерістердің себебінен ғарыштық деңгейдегі құбылыс орын алады.

2016 жыл. Жердің климатын зерттеумен айналысатын ғалым, әрі Годдарск ғарышты зерттеу институтының басшысы Джеймс Хансеннің ойынша, өнеркәсіп қалдықтары реттелмей дәл қазіргі жағдайда табиғатқа шашыла беретін болса, Гренландия мұздығы еріп, нәтижесінде жер бетіндегі құрлықтың көп бөлігін су басады.

2017 жылы ақырзаман Иерархиялық апаттар теориясы бойынша орнайды. Қысқаша түсіндіре кетсек былай болады. Теория бойынша Жер бетінде белгілі кезең сайын белгілі мерзімге созылатын иерархиялық апаттар орын алып отырады. Әр сатыға ауысқан сайын апаттар кезеңінің ұзақтығы 1*3 пропорциясымен азайып отырады. Бірінші апаттар кезеңі I Петрдің уақытында 700 жылдан кейін аяқталды. Екінші "деградация кезеңі" Петрдің уақытынан бастау алып 230 жылдан кейін аяқталған. Үшінші иерархиялық апат Кеңес одағы кезінде орын алып 75 жылға созылды. 25 жылға созылатын төртінші, әрі соңғы кезең 2017 жылы аяқталады. Осы жылы Ресей империясы құлап, нәтижесінде жер бетінде хаос орнайды.

2018 жылы Нострадамустың болжауынша ядролық соғыс басталады.


2019 жылы Жер 2002 NT7 астеройдымен соқтығысады. Бұл кейбір астроном ғалымдардың айтып жүрген пікірі.

2020 жыл. Исаак Ньютон уақытында көріпкел Иоанның сөздеріне сүйене отырып, ақырзаман 2020 жылы болатындығын есептеп шығарған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: day-of-doom.com, 1-film-online.com, tochkazrenia.net