Массагет.кз ми жұмысына аса пайдалы сайттарды, гаджеттерді және қызметтерді таңдап, назарларыңызға ұсынып отыр.
QUANTIFIED MIND
Организмнің кез келген басқа мүшесі секілді ми да сыртқы факторлардың әсеріне тап болады. Мәселен, дем алуды бәсеңдеткен немесе бір нәрседен қорыққан кезде қабылдаудағы өзгерістерді бірден байқауға болады. Quantified Mind жасаушысы Йонни Доннер нақты қандай факторлар адамның когнитивті қабілеттеріне оң немесе теріс әсерін тигізетінінен хабардар болуға көмектеседі деп есептейді. Quantified Mind – бұл реакция жылдамдығы, қозғаушы қызметтері, қандай да бір әсер кезіндегі қысқа мерзімді ес секілді көрсеткіштердің тиімділігін тестілеуге мүмкіндік беретін онлайн-платформа.
Алдымен қолданушыларға өз деңгейін анықтауға көмектесетін жалпы тест ұсынылады. Ал содан соң әсерін бағалағыңыз келген факторды таңдайсыз. Мысалы, кофе, медитация, D дәруменінің ми жұмысына қаншалықты әсер ететінін немесе қай уақытта миыңыздың белсенділігі артатынын біле аласыз.
LUMOSITY
Ойын арқылы ақыл-ой қабілеттеріне жаттығу жасау – күшті дегенмен, айтарлықтай қарама-қайшы тренд. Кейбірі ми жаттығуға ермейді деседі. Алайда, мұнымен кем дегенде жарты жыл жаттығып көргендер, есте сақтау қабілетінің, ой шоғырлануы мен реакция жылдамдығының едәуір дамығанын айтады. Сайт қонақтарына Lumosity проблемаларды анықтап, оларды шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, ұмытшақтық, керекті кезде жинала алмау және зейін қоя алмау, стрестік сәттерде шешім қабылдай алмау. Сіз өзіңіздің әлсіз жеріңізге байланысты таңдау жасайсыз және Lumosity сізге түрлі ойындардан құралған жеке бағдарлама дайындайды. Тапсырмалардың орындалуына қарай сервис сіздің жетістіктеріңізді бақылап, қиындық деңгейіне байланысты жаңа ойындармен жаттықтырады. Ойындар бұрыннан белгілі және тексерілген техника бойынша құрылған. Айта кетсек, Lumosity-де тегін ойындар саны шектеулі, ал сервисті толық пайдалану үшін айына 10 доллардан төлеп тұру қажет.
AXIO'S EEG
Егер ойынның тиімділігіне күмәніңіз болса, ғылыми тәсілдемені қолдануға болады. Axio компаниясы ми жұмысын бақылайтын арнайы сенсорлық таңғышты жасап шықты. Әзірге ол біраз қисынсыз көрінеді: жұмысқа кие алмайсың, бірақ үй ішінде қолдануға жарамды. Құрылғы сіздің компьютеріңізге немесе смартфоныңызға қазір жұмысқа қаншалықты берілгеніңіз жайлы аналитикалық мәліметтерді жібереді. Егер байқаусызда өзге нәрсе жайлы ойлана бастасаңыз, датчиктер бірден оны назарға алады және бірден дыбысты сигнал іске қосылады. Аталған метод негізделген технология нейрофидбэк деп аталады. Ол 30 жылдан астам уақыт белгілі. Бұрын ол тек эпилепсия ауруына шалдыққандарға ғана қолданылатын. Жалпы Axio құрылғысы ми белсенділігін және тағы басқаларды басқарғысы келетіндердің қажетіне жарауы әбден мүмкін.
SPREEDER
Spreeder – бұл жылдам оқуға үйрететін тегін сервис. Жылдам оқып үйрену әдістері бүгінде ғаламтор бетінде жеткілікті. Spreeder «жылдам, жүйелі, визуалды көрсету» деп аталатын әдісті қолданады. Яғни мәтін бөлек сөздер ретінде экранға өте тез шығарылып тұрады. Жылдамдықты қалағаныңша жөнге салуға болады. Ұсынылған әдіс жұмыс істейді, себебі біріншіден, сіз сөзді іштей айтып үлгере алмайсыз, екіншіден, көзбен қосымша қимыл жасамайсыз. Егер осы сервис ыңғайсыз болып көрінсе, QuickReader атты қосымшаны қолдануға болады. Аталған қосымша перифериялық көру қабілетін жақсартады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: ia-centr.ru, lifehacker.ru, axioinc.com, pinterest.com, techvisit.ru