- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ақшаға байланысты қате...
Ақшаға байланысты қате түсініктер
Ақшаға байланысты қате түсініктер бар. Олар мынадай болып келеді...
* * *
1. Ақша өмірдегі басты нәрсе емес;
"Басты нәрсе не?" деген сұрақ туындайды. Бақыт дегеніміздің өзі ақшаның атауын өзгерткен балама саналады. Адамзаттың өзі бір ұғымға бәрін сыйдырып отыр.
2. Адал жолмен мол ақша таба алмайсың;
Адалдықпен ақша тауып жүргендердің тәубесі мен шүкірлігі басым. Егер олар маңдай термен, адалдықпен тапқан болса, оның несін мақтан көреді.
3. Ақша тек ауыр жұмыспен табылса ғана адал;
Бұл қате түсінік. Осы тұрғыдан кереғар пікір қалыптасқан. Білік пен білімді бір арнада пайдаланған жан, ақша табудың оңтайлы жолын табады.
4. Барлық адамнан бірдей еңбегіңе ақша сұрама;
Өнімділік бірдей тұста әріптестеріңнің алдын орап, ақша сұрау қажетсіз. Маңдай терің мен еңбек ақыңды әріптестеріңмен бірдей өлше.
5. Кедейлік – тағдыр;
Сонда "байлық" ұғымы нені білдіреді? Шындап келгенде, тағдыр дегеніміздің өзі кедей болып туылып, бірақ ақшамен өмір сүру дегенді білдіреді.
6. Ақшаны кейінге сақта;
Шығыс болмай, кіріс болмайды. Кезі келгенде қаражатты жұмсап қалған дұрыс. Бір абзал істің артында өз кірісі күтіп жатады.
7. Саудаласу ұят;
"Сауда сақал сипағанша" дейді. "Базар" деген үлкен ұғымның қасында саудаласу алынбас бір бөлшегі іспетті қалыптасқан. Қажет тұста саудаласып, алар тауардың келісті бағасын берген дұрыс. Бірақ көп жағдайда сауданың арты ұят іске соғып жатады...
8. Ақша қарыз алма, барыңды жұмса;
Мұқтаж болып тұрсаң, қарыз ал. Барды жұмсау деген жаңсақтықтан шыққан. Қарызға ақша алудың да өз артықшылықтары бар екенін мойындарсыз...
9. Ақшаны рахатқа жұмсау орынсыз.
Бұл да қате түсінік. Бейнеттің жемісін көруге кімнің болса да құлқы талас қылып тұрады. Үнемі жұмыс жасап, тапқан табысын рахат табуға жұмсамаған жан қатты қателеседі...
Мұның бәрін осыны керісінше жасайтындар ойлап тапқан.
* * *
Жиған дүниесі өз керегінен артыла бастаған адам мына қағидаларды есте тұта жүргені абзал:
- сөзден іске көшуді кешіктірме;
- жақыныңды жақсы көр және оған болашаққа сілтемей, қазір көмектес. Оған өз дегеніңді таңба, оның мүддесімен санас;
- өз сеніміңді дәлелде, қорғап бақ, бірақ өз қателіктеріңді мойындай біл, сонда ғана алға жылжисың;
- жамандық, қызғаныш ойлама: кекшілдік сезімнен арыл. Адамдар бір-біріне бауыр екенін және көп нәрсені бейбіт жолмен шешуге болатынын ұмытпа. Қажет болса, әлсіздерге жақтасып, зорлықпен күресуге дайын бол.
Адам ақша келіп түсетін жолды өзі кеседі...
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: system-fx.ru
Л. Лига