Ақша туралы деректер

Ойын билетін сатып алу үшін 10 километрді көлікпен жүріп өткен адамның басты жүлдені ұтып алудан гөрі, жол апатына ұшырау қаупі 3 есе жоғары болып шықты.

1923 жылы Германиядағы гиперинфляция нәтижесінде валютаның құны тіптен төмендеп кетеді. Ақшаның құнсыз болғаны соншалықты, оларды балаларға ойнау үшін немесе қабырғаға жабыстыру мақсатында пайдаланған.

2005 жылы Американың Теннеси штатының әкімшілігі есірткі саудасымен айналысатын адамдарға заңсыз сататын тауарлары үшін салық төлеу керектігін бұйырған. Және ол қадамдары "Есірткі заңы "деп аталып кетіпті.

"Exxon Mobil" мен "Chevron" мұнай компаниялары 2011 жылғы экономикалық күш-қуаты жағынан Аустралия мен Португалия мемлекеттерінен әлдеқайда қуатты болып шыққан.

Американың валютасына жалған ақша жасаудан бәрінен басып озған бір ел бар. Ол - Солтүстік Корея.

Аустралияның мәнет сарайы "Perth Mint" әлемдегі ең ірі мәнетті жасап шығарған. Диаметрі - 80 см, қалыңдығы - 12 см, салмағы - 1,012 келі. Аталған мәнет тазалығы 99,99%-дан тұратын алтыннан жасалған. Бүгінгі таңда нарықтағы бағасы 50 миллион долларға бағаланыпты.

Екі миллионға жуық америкалық күніне екі доллардан төмен ақшаға өмір сүретін болып шықты.

Ұйғарым (чек) банкке беретін жарлық қағаз есепті. Өз кезегінде ұйғарымды кез келген жерге, кез келген нәрсеге жазуға болады. Мәселен, өткен ғасырда адамдар ұйғарымды (чекті) тас тақталарға, бананның қабығына, одан қалса, сиырдың сыртына да жазып беретін болған.

Тұмаудың вирусы ағзадан 48 сағат тысқары өмір сүре алады екен. Бір айта кетерлігі, ақша бетінде 10 тәулікке дейін сақталатын (өмір сүретін) көрінеді.

Марта Вашингтон (АҚШ президенті Джордж Вашингтонның жары) - портреті америкалық ақшалардың бетіне шыққан жалғыз әйел. 

Құмар ойындардан түсетін пайда кинодан, спорттан, ойын-сауық парктерінен, ән таспаларынан келетін күллі кіріс көзінен артық болып шықты.

сурет:kladoiskatel.kiev.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек