- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ақша жайлы аз-кем...
Ақша жайлы аз-кем дерек
«Ақшаң болсаң қалтаңда, талдаңда да талтаңда» деп күнделікті телеарналардан жарнама жүріп жатады. Сонда көрерменнің көбі ақша туралы әлдебір ойға, қиялға беріліп кетуі бек мүмкін еді. Тіпті сол көк жәшіктен көрсетілетін лездік жарнамалардың тең жартысы ақшаның сарқылмас қорындай болған банктер туралы. Ағымдағы жылы танымал актер Антонио Бандерастың Қазақстанға келгендегі дақпыртынан көз ашпай қалдық. Бірақ біздің айтпағымыз басқа нәрсе. Байлықтың буымен масайтатын ақша жайлы аз-кем деректер келтірмекпіз.
- 1934 жылы АҚШ-та 100 000$ деңгейіндегі банкнот жасалады. Ол әлі де қолданыста бар, тек құндылығы 30 000$-ға түскен.
- 2004 жылдан бастап Америкада алып корпорацияларға өз жарнамаларын доллар банкнотының үлгісінде жүргізуге рұқсат берілді.
- Ресейде алғаш рет 1 рубльді 100 тиынға теңдей етіп белгілеу 1704 жылы қолға алынды. Оған дейін ешқандай ақшалық бірлік сақталмаған еді.
- Әлемдегі ең танымал банкнот 500 еуро.
- АҚШ-тағы ең танымал ақша бірлігі 1-ден 20 долларға дейінгі аралық. Әлемдік деңгейге келгенде алға 100$ шығады.
- Алғашқы қағаз ақша біздің заманымыздың 812 жылы Қытайда пайда болған.
- Америка Құрама Штаттарында айналымдағы ақша көлемі ресми деректер бойынша 800 миллиард долларды көрсетеді.
- Френк Х. Макнамара ең бірінші болып кредиттік карталарды жасаушы ретінде белгілі. Достарымен бірге кешкі асқа қалтасындағы ақшасы жетпей қалғаннен кейін осы ойға бекінген екен.
- 1 000 000$ тек 100$-лықпен жинақталса 10 кг салмақ тартады.
- Доллардың белгісін ($) 1788 жылы Оливер Поллок ойлап тапқан.
- Ең көлемді ақша номиналы Түркияның 100 000 лирі.
- АҚШ-та тірі адамдардың суретін банкнотқа енгізуге жол жоқ.
- Ақшаның ең кір, лас дүние екенін де ұмытпау керек. Бір ғана қағаз ақшада жүз мыңдаған микроб болады.
- Өз бейнесін монеталарға алғаш түсірткен билеуші Александр Македонский.
- Ең ауыр монета ХҮІІІ ғасырда Швецияда жасалыпты. Оның салмағы 19 келі тартқан.
Әрине, ақша туралы азырқанбай көптеген дерек келтіруге болады. Тек оқырмандарымыз тіршілік заңында жазылғандай сол ақша атаулыға құнықпау керектігін қатып қалған қағидасындай жадында сақтаса болғаны.
Дайындаған:Нұржігіт Айдархан
Сурет: akimat-pvl.gov.kz
Ш. Талап