Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Лаббок (Lubbock) қаласындағы Техас университетінің территориясында өткен көрсетулер кезінде, компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты.
Осы технология жөнінде Microzap директоры: "Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады" дейді. Өндірушілер бұл әдістің азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы екендігін айтады. Себебі, қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндігі себепті лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көкөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gortenzija.com