АҚШ кибер соғыспен, кибершпионажбен айналысатын хакерлер дайындауды жолға қойды.
Болашақ кибер жауынгерлерді оқыту мемлекеттік «Cyber Cops» бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. Оқу жоспары бойынша, Талса Университеті студенттері екі жыл ішінде фишинг, жабық желілерді бұзу және вирус жасау секілді өнер үйреніп, олардың қыр-сырымен танысады. Сонымен қатар, студенттер 2 жыл бойы бір-бірін аңдып отыратын болады. Және әркім өзінің кімнің назарында жүргендігін анықтауы керек. Осы мотивпен студенттер бір-бірінің пошталарын бұзып, түрлі айла-тәсіл қолдануына болады.
Екі жылдық білім алудан соң түлектер CIA, FBI немесе NASA-ға жұмысқа тұруға мүмкіндік алады.
"Талса студенттері НАСА-ға үлкен тәжірибемен келеді. Бұл біздің ведомство үшін өте пайдалы. Жұмысқа қуана-қуана қабылдаймыз", - деді НАСА өкілдері.
Айта кетелік, сөз болып отырған бағдарламаның ашылуына Калифорния Университеті студентінің "тентектігі" себеп болды. Білім алушы оқу орнының электронды дауыс беру жүйесін смартфон мен bluetooth желісі арқылы бұзып көзге іліккен болатын. Қазір бұл студент НАСА-да қызмет етіп жатыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: images.businessweek.com