Нобель сыйлығының алқасы ақ жарық диодтарды жасап шығарған жапон ғалымдарын физика саласы бойынша лайық деп тапты. Қазіргі кезде смартфондардың жарығы ретінде қолданылып жүрген жарық диодты сәулелер кезінде КСРО ғалымдары тарапынан да біршама қарастырылған болатын.
Хироши Амано
Жапон физигі Хироши Амано (Hiroshi Amano) Хамамацу қаласында 1960 жылы дүниеге келген. 1983 жылы ол Нагой университетінде бакалавр дәрежесін алып, екі жылдан кейін магистр атанған. Аталған университетте 1989 жылға қарай докторлық диссертациясын да қорғаған. Ал 2010 жылдан бері Нагой университетінің аспирантурасында профессор болып қызмет етіп келеді. 1982 жылы Амано профессор Исаму Акасаки тобына қосылып, жартылай өткізгіш нитридтердің ІІІ тобын зерттеумен айналысады.
1989 жылы Хироши Амано Нагой университетіндегі әріптестерімен бірге GaN негізнде алғашқы жарық диодтарын таныстырады.
Амано — 390 техникалық жұмыстар мен 17 кітаптың бірлескен және жеке авторы болып табылады. Хироши Амано 2014 жылы Сюдзи Накамура және Исаму Акасакилермен бірге физика саласы бойынша Нобель сыйлығына лайық деп табылды.
Исаму Акасаки
1981 жылы профессор атағына ие болады. Акасаки 1950 ж.ж. бастап физикадағы жартылай өткізгіштер мен жартылай өткізгіш құрылқыларға қызығушылық танытады. Оның ішінде жарықтың көзі болатын жарық диодтары мен лазерлерге көп зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
1992 жылы Исаму Акасаки зейнетке шағады. Ал 2004 жылы ол Нагой университетінің құрметті профессоры атанады. Сондай-ақ, сол жылы Исаму Жапонияның мәдениет қайраткері болып танылады.
Сюдзи Накамура
Ол металорганды қосылудың әсерінен пайда болатын галлий нитридінің қабыршағын зертеумен айналысады. 1990 жылдарға дейін жарық диодтарымен айналысатын зерттеу орталықтары тек қызыл, сары және жасыл түсті диодтарды шығара алатын. Дегенмен, тек көк, жасыл және қызыл түсті диодтар қосындысы арқылы ғана ақ жарықты алу мүмкіндігі бар болатын. Сондықтан Накамураның еңбегі жоғары бағаланады.
1994 жылы Токусима университетінде техникалық ғылымдардың докторы атағын алады. 1999 жылы "Nichia Chemical Industries" корпорациясынан жұмыстан шығып, Калифорнияның Санта-Барбара университетінде профессор болып дәріс оқи бастайды. Ол әзірге дейін сол университетте жұмыс істеп келеді.
2001 жылы Накамура өзінің ашқан жаңалығы үшін ешқандай сыйақы берілмегендігінен, "Nichia Chemical Industries" корпорациясын сотқа береді. Бастапқыда 20 мың иен ($180) болған сыйақы сот үкімі бойынша 20 миллиард иенге ($189 миллион) дейін көтеріліп кетеді. Бұл Жапония тарихындағы ең көп арыздық төлемақы ретінде тарихта қалды. 2005 жылға қарай компания тағы да шағымды қайта қарауды өтініп, Накамураны ортақ шешімге шақырады. Нәтижеде Накамура 840 миллионов иен ($9 миллион) алып, өз арызын қайтып алады.
2003 жылдан бері Накамура АҚШ-тың Ұлттық Инженерлер Академиясының мүшесі. Сонымен қатар, ол көк және жасыл жарық диодтарын шығаратын Cree Inc. компаниясының кеңесшісі болып еңбек етеді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.nobeliat.ru