Әлемде әр нәрсенің соңы бар. Бізге таныс тірі жанның қай түрі болса да, бәрінің ғұмыры шектеулі. Бәрінің бе? Ғалымдардың айтуынша су мекендейтін Turritopsis nutricula медузасы өлімнен сақтана алатын жалғыз тірі ағза екен.
Кез-келген тірі жан туылады, дамиды, өседі, ұрпақ беріп, өмірін өліммен аяқтайды. Ал мына айлакер медуза өсіп, ұрпақ беріп... қайта жас кезеңіне оралады. Осылайша өмірлік циклын қайталайды екен. Жақсы жағдайларда бұл үдеріс мәңгілік қайталана алады. Бұл айналым тек медуза басқа жағдайлардан өмірімен қош айтысса тоқталады екен.
Олай болса, бұл кішкентай медуза мұхиттардың бәріне таралып кетпес па еді? Ғалымдарыдың айтуынша, бұл үдеріс өз бастауын алды. Бұрында тек Кариб теңізін паналайтын медузалар бүгінде одан мыңдаған километрге тарады.
Ғалымдар болашақта адамзатқа бұл медузамен күресетін жолдарды табуға тура келеді деседі. Алайда табиғатты алдай алған жан мәңгілік өмірге құқылы емес пе? Бұл медуза батыстың ақырзаман туралы фильмінің басты кейіпкері рөліне әбден келеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ru.science.wikia.com