Адамдардың агрессияда жүруінің себебі мидағы ауытқушылыққа байланысты. Және британдық ғалымдар "қиын адамдардың" миын суретке түсіру арқылы психиаторларға емдету керектігін айтады.
Мәліметтерге көз жүгірте кететін болсақ, Ұлыбританияда әр жүз баланың бесіншісі мінез-құлықтың бұзылуына ұшырайды. Тиісінше агрессиялық және әлеуметке қарсы жүрудің салдарынан ақыл-ой кенжелеп қалады, физикалық тұрғыдан артта қалушылық байқалады.
Саутгемптон университетінің ғалымдары аталған мінез-құлықтың орын алуы мидағы ауытқушылыққа байланысты дейді. Мәселен, бір зерттеуде анықталғандай, мінездері түз тағысындай болып кеткен балалар қалыпты мінез-құлықтағы балаларға қарағанда қорқынышқа байланысты (бадам тәрізді дене) әрекет ететін ми бөліктері әлдеқайда кіші болып шыққан.
Мінездері бұзылған қыздардағы көңіл ауытқушылығы мен өзгелердің эмоциясын қабылдауға байланысты әрекет ететін ми бөлігінде болуға тиіс сұр зат әдеттегіден аз ұшырасса, ер балаларда шамадан тыс көп болмақ.
Мидың ауытқушылығын тудыратын басты себеп - өмірдегі қайғылы жағдайлар мен ми жарақатын тудыратын сәттер. Әсіресе, балалық шақта алған ми жарақаты өз кезегінде мінез-құлықтың бұзылуына алып келеді.
сурет:gazeta.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек