Бүгін назарларыңызға ерекше өсімдік түрін ұсынғалы отырмыз. Өсімдіктің ерекшелігі - өте үлкен гүлшоққа ұқсауында.
Африкадағы тюльпан ағашы ең әдемі гүлдейтін өсімдіктердің бірі болып саналады. Ағаштың гүлдері үлкен және оның түсі қызғылт-сарыдан қаракошқылға дейін болады. Сонымен қатар, шоқ гүлдері үлпілдеп, форма жағынан тюльпан гүліне ұқсайды. Оларды кейде «Отты ағаш» деп те атайды.
Бұл Бигнониевтік тұқымдасы, тропикалық Африка түрінен шығатын өте әдемі экзотикалық өсімдік. Оның бұжырмақ жапырақтарының арқасында ол тіпті гүлдемеген кездерінде де тартымды көрінеді.
Аталған гүлдер жыл бойы гүлдейді. Тез өсіп, 10-15 метр биіктікке жете алады. Ағаш жапырақтары қара жасыл түсті келеді. Жапырақтарының ұзындығы 50 см-ге жетеді. Ұзақ гүлденуден соң, ұзындығы 12-20 см болатын ұрық тастайтын қоңыр қабықтар қалыптасады. Біле білсеңіздер, аталған гүл күлтесінен жасалатын эссенция теріні емдеу қасиетіне ие.
Фонтан-ағаш табиғи жағдайда тез өсіп, он бес метр биіктікке жете алады. Алайда бұл ағашты үй жағдайларында да өсіруге болады екен, бірақ жай өсіп, биіктігі айтарлықтай болмайды. Өзіндік сәндік қасиеттерін жоғалтпайды және көз тартымды келеді. Кез келген топырақта өніп, ерекше күтімді талап етпейді.
Сурет: wowfacts.net