Кенияның Safaricom компаниясы жуырда Intel операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейтін жаңа смартфонды таныстырды.
Жаңа девайстың аты – Yolo болмақ. Ол "Lexington" атымен белгілі 1,2 ГГц қуаты бар Z2420 Atom жүйелік блогымен жұмыс істейді. Артқы бөлігінде HD-видео форматында түсіре алатын 5 мегапиксельді камера бар. Ал алдыңғы бөлігіндегі камера 3,2 мегапиксельге лайықталған. Экранының көлемі 3,5 дюйм. Қосымша бөліктерден HSPA+, Bluetooth бар.
Engadget басылымының ақпаратына сүйенсек, жаңа смартфонның құны 126 АҚШ доллар тұрады екен.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: soft.compulenta.ru