Адам баласына белгілі барлық ақпаратты бір қасық сыйымдылығындағы ДНҚ құрылымында сақтауға болады екен. Цюрих қаласында орналасқан швейцариялық Федералды-Технологиялық Институттың (ETH) зерттеуші мамандары ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау мүмкіндіктерін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Ғалымдардың зерттеу жобасы ауқымды ақпаратты микроскопиялық пішінге ие шарларға жинақтап, нөлден төмен температурада миллион жылдан аса уақыт сақтау мүмкіндігін бермек.
Теориялық есептеу межесіне орай, небәрі бір грамм ДНҚ-ға 455 экзабайт (455 миллион терабайт) ақпарат сыйып кетеді екен. Ал EMC сараптамалық агенттігі мамандарының бағалау үдерісі бойынша, 1,8 зеттабайт ақпаратты сақтау үшін 4 грамм ДНҚ қажет болады.
Айта кетсек, ETH ғалымы Роберт Грасс жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар осыдан екі жыл бұрын ақпараттарды ДНҚ-да сақтау мүмкіндігін тәжірибе жүзінде көрсеткен болатын. Өте көлемді болған ақпаратты кіші форматта сақтау ұтымды болғанымен әдісті қолдануға ресми рұқсат берлімеді. Себебі бұл технология ДНҚ деградациясына алып келуі мүмкін.
Swiss Info ақпараттық ресурсының хабарлауынша, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған адам сүйектерінен генетикалық материалдарды зерттеу барысында ДНҚ құрамының ұзақ уақытқа дейін сақталатыны анықталған екен. Ғалымдардың айтуынша, ақпаратты сақтаудың бұл әдісін мемлекеттік мұрағат пен кітапхана қорларында қолдануға болады. Бірақ мұның коммерциялық бағытта қолданылу мүмкіндігі туралы айтылмады.
Сурет: www.ibtimes.co.uk
Оқи отырыңыз:
Астрономдар жарылған жұлдыздың қалдықтарын тапты
Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды
NASA ғарыш суреттерін фотошоппен өңдейді
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)