- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адамзат туу тарихындағы...
Адамзат туу тарихындағы ғажайыптар
Сену-сенбеу өз еркіңізде. Бұл кездейсоқтық па әлде таңғажайып жаратылыс па?!
Төрт ұрпақ бойы 72 қыз.
Франциядағы бір отбасының төрт ұрпаққа дейін туылған нәрестелері түгелімен қыз екен. Шешесі алты қыз тапқан. Алты қыздан 27 қыз туылған. 27 қыздан тағы 39 бөпе өмірге келген. Төрт әулетте бірде-бір еркек кіндікті перзент өмірге келмеген.
Төрт ұрпақ – туған күн.
Американың солтүстігіндегі Каролина штатында 1982 жылы 4-шілде күні Вильямс есімді сәби өмірге келген. Бұл сәбидің әкесі, атасы және арғы атасы да 4-шілде күні өмірге келіпті. Математикалық есептеуге жүгінсек бір отбасының мұндай құбылысы 17 миллиард 700 миллион адамның ішінде тек бір рет қана көрінеді екен.
73 бала тапқан әйел.
Италиялық Дилсса есімді әйел 15 жасында тұңғыш перзентін босанған. 57 жасқа келгенше 73 балалы болған. Бәрінен де таң қаларлығы - оның 73 баласының барлығы қатарға қосылған. Қазіргі күнде барлығының денсаулығында ақау жоқ екен.
Бес бала ұқсас күнде туылған.
Американың Вирджиния штатында тұратын Королин есімді әйел он жылдан бері бес рет балалы болған. Үлкен қызы 1952 жылы 20-ақпанда, екінші қызы 1953 жылы 20-ақпанда, ұлы 1955-жылы 20-ақпанда туылған. Бұл үшеуінен кейін бес жылдан соң туылған қызы да ұқсас 20-ақпанда туылған. Ең кенже қызы да 20-ақпанда өмірге келіпті.
Аптаның жеті күнінде туылған сәбилер.
Американың Денвер қаласының тұрғыны Байлайдопк есімді әйел жеті жылда жеті ұл перзент сүйген. Олардың туған күндері үлкенінен кішісіне қарай аптаның жеті күніне тура келеді екен. Үлкен ұлы дүйсенбі күні туылса... ең кенжесі жексенбі күні өмірге келіпті.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: 5dreal.com
А. Құлтай