- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адамзат тарихындағы ең...
Адамзат тарихындағы ең ұзақ соғыс
Сіз білесіз бе, әлемдегі ең ұзақ соғыс Еуропада болған және бұл қақтығыста бірде-бір адам шығыны болмаған екен. Нидерланды мен Силли аралдарындағы әскери қақтығыс 1651 жылдан 1986 жылдарға дейін, яғни 335 жылға созылған. Тарихи оқиға "әлемдегі ең үлкен соғыс" деген лауазымды иеленіп қана қоймай, "қан төгілмеген қырғын" деген атты иемденіп отыр: осы уақыт бойы екі жақтан да оқ атылмағандықтан, құрбан болғандар да кездеспейді.
Көптеген тарихшылар бұл ұзақ әрі шиеленісті оқиға Англиядағы Екінші Азаматтық соғыстың жалғасы деп санайды. Сол кезеңде халық роялистер (король билігін жақтаушы) мен парламентарийларға бөлініп, ел жағдайы ушығып тұр еді. Парламенттік монархияның жағына Нидерланды біріккен провинция флотының көмекке келуі мәселені одан сайын қиындатып жіберді.
Парламент басшыларының бірі Оливер Кромвель Англияның көп бөлігін басып алғанда, роялистердің кемелері Корнуолл графтығының оңтүстік-батыс жағасындағы Силли архипелагын жіберуге мәжбүр болды. Бұл уақытта Силлиге абсолютті монархияның мүшелері қожалық етіп отырған, ал оның аралдарын беделді роялист Джон Гренвилл басқарды.
Бір күні кемелердің әскери әрекеттері барысында голландықтар роялистер флотының кесірінен едәуір шығынға ұшырайды. 1651 жылдың 30 тамызында адмирал Мартен Тромп аралға келіп өтемақы төлеулерін талап етеді. Роялистер бас тартты. Нәтижесінде соғыс жарияланды. Англияның басым бөлігі парламенттің қолында болғандықтан, Нидерланды Силли архипелагымен ғана "ұрсысуға" бел буады.
Сонан бері Голландия мен архипелаг 335 жыл бойы соғыс жүргізді. 1986 жылдың 17 сәуірінде Силли Кеңесінің төрағасы, тарихшы Рой Дунканның бастамасымен бейбітшілік туралы келісімшарт жасалып, екі ел мәмілеге келді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: byaki.net