- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адамның телепортация жасауы...
Адамның телепортация жасауы мүмкін бе?
Телепортация – математика мен физика ғылымдарының санына бағынбайтын, белгілі бір дүниенің өз орнынан басқа жерге ауысу үрдісі. Аталған термин ғылымға 1931 жылы енді. Ағылшын жазушысы Чарльзом Фортомның шығармасында айтылған белгісіз құбылыстардың пайда болуы, адамдардың жоғалып кетуі сынды дүниеден келіп шықты.
Адамдардың телепортацияға түсуі
Адам айтса сенгісіз дүние болуы да мүмкін. Бірақ әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар ғалымдарды да әлі күнге дейін мазалап келеді.
1975 жылы 4 қаңтар күні аргентиналық азамат Карлос Диас үйіне қайтып келе жатып өзін жағымсыз сезінген. Басы айналып, жол бойындағы орындыққа отыра кеткен. Бірақ көзін жұмып қайта ашқан кезде отырған жерінен 500 мл қашықтықтан шыққан.
Осы құбылысқа қарап ғалымдар телефортация әлеміне терең ене бастады. Қорыта келе бұл жағдайдың адамдар арасында орын алуы мүмкін дейтін шешім жасады.
Тағы бір мысал 1871 жылы Лондон қаласының шетінде тұратын көріпкел Гуппидің де басынан осы құбылыс өткен. Ол көріпкелдік қасиетімен қара күш пайдаланып жатқан кезде аяқ астынан жоқ болып, қаланың екінші бір шетінен шыққан.
Мұндай жағдай шетелде ғана емес, өткен ғасырдың 40-жылдары Қазақстанда да орын алған. Ұйықтап кеткен әскер оянған кезде өзіне таңсық, сырты тормен қоршалған мекеннен табылған.
Ғалымдар не дейді?
1937 жылы Н.Ф.Волков «Крест» атауымен аталатын түрмеге түседі. Уақыт өткеннен кейін қылмыскердің жүрегі сыр беріп, бас айналу болады. Жерге құлап бара жатқанын сезген ол қабырғадан ұстап үлгермек болған кезде кенет Нев аралдарынан бірақ шыққан. Төрт қабырғаның ішінде отырған адамның аралдан бірақ шыққанын аңғарған түрме әкімшілігі мұның мүмкін еместігін айтып таң қалысқан.
Осы жағдай ғалымдардың алаңдауына алып келді. Олар бұл құбылыстың белгілі адамдарда немесе кез келген адамда қайталануы мүмкін бе деген сұрақ бойынша жұмыс жасады. Бүгінгі күнге дейін де жұмыс жүргізіліп келеді. Бірақ бұл мифтің, әлде шындықтың сырын аша алған жоқ.