- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адамның миына Интернет...
Адамның миына Интернет түгелдей сыйып кетеді - ғалымдар
Америкалық нейрофизиктердің есебіне қарағанда, адамның миы қазіргі уақытта Интернеттегі контентті түгелдей сыйғыза алады, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі eLife журналындағы мақалаға сілтеме жасап.
"Бұл нейрофизиктер үшін нағыз жаңалық. Біз есте гиппокамптың нейрондарының қалай жұмыс істейтінін түсінетін жағдайға жетті, сақтау қабілетінің өнімді қызмет ету мен қуатты аз деңгейінде тұтынуды қалайша үйлестіре алатынын анықтадық. Консерватив бағалауымызша, есте сақтау қабілетіміздің сыйымдылығы бұған дейін ойлағанымыздан 10 есе көп болып шықты, оның көлемі петабайтқа тең, бұл ғаламтордың көлемімен бірдей", - деп мәлімдеді Ла-Хойя (АҚШ) қаласындағы Салка Институтының ғалымы Терри Седжновский.
Ол қазіргі таңда ғалымдардың біздің естеліктеріміздің мидың ерекшеленген бір бөлігінде сақталады деп түсінетінін, оны нейрофизиологтардың гиппокамп деп атайтынын айтып берді. Онда есте сақтау қабілеті электр импульстері түрінде сақталады, оның ішінде естеліктер бір нейроннан екінші нейронға алмасып отырады, сонымен қатар химиялық сигналдар түрінде де сақталады, жүйке жасушалары бір-бірімен алмасып отырады.
Дереккөз: kaztengrinews.kz
О. Сансызбай