- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адамның қолында қандай...
Адамның қолында қандай микробтар өмір сүреді?
Сіз қолыңызды жиі жуасыз ба? Ал оны әдетте медициналық антисептік сұйықтықпен тазалап тұрасыз ба? Соның өзінде де қолымыздағы миллиондаған микробтардың жойыла қоймайтыны белгілі. Ал микроағзаларды қарусыз көзімізбен көре алмағандықтан, оған еш назар аудармайтынымыз рас. Америкалық Таша Стурм есімді микробиолог микроағзаларды арнайы құнарлы ортаға енгізіп, оның көбеюін бақылаған.
Таша Стурм Петри тостағанын құнарлы сұйықтықпен толытырып, ұлына қолын батыруды бұйырады. Содан кейін тостаған Цельсий бойынша 37 градус температурадағы инкубаторда бір күн тұрып, сосын тағы екі күн бөлме температурасында сақталады. Ал соның нәтижесін төмендегі суретте көре аласыздар. Расында біздің қолымыз толық таза күйде болмайтынына көзіміз жетері анық. Адамның қолы бірнеше микрофлоралық қабатпен қапталады екен.
Петри тостағаны микробиология және химияда қолданылады. Аталған маңызды әдістердің бірін белгілі ғалым Роберт Кохтың көмекшісі, неміс бактериологы Юлиус Рихард Петри ойлап тапқан. Айта кетсек, Петри стақаны микробиологияда әртүрлі микроағзаны реттеуде қолданылады.
Ж. Өрісбай