Адамның алақанында балқитын металл (Бейнебаян)

Табиғат деген тылсым нәрсе ғой. Білгенге маржан, білмегенге арзан.

Сіздерді галлий атты металмен таныстырғалы отырмыз. Бұл металлдың бір қызығы балқу температурасы сынаптан кейін екінші орында тұр. Нақтырақ айтсақ, +29 градус температурада суша сылқылдап, сұйық күйге түседі. Яғни, адамның алақанында балқып қоя береді деген сөз.

Жер бетінде көптеп таралған элемент болса да, бағасы өте қымбат. Шамамен 1 тоннасы 1 миллион еуроға татиды. Бұл оны өндірудегі қиыншылықтармен түсіндіріледі. Жер бетінде барынша шашылып жатқан элемент болғандықтан, оларды жиып, біртұтас ету қиынның қиыны.

Галлий галлит минералында көп мөлшерде кездеседі. Ал өндірістік галлий көп жағдайда бокситтен алынады. Физикалық қасиетіне тоқталсақ, оның сынаптан бір айырмашылығы тиген жерін ылғалдандырады. Сондықтан бұл металды полиэтилен пакеттерінде сақтап, тасымалдайды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/aolRO9eteSk","width":"425","height":"350"});

сурет: uh.ru