Артқа
Адам әрқашан басқа тірі жандарға қарағанда ерекше жаратылыс болып есептелген. Оның ерекше болғаны соншалықты, ғалымдар әлі күнге дейін адам денесін толық зерттеп бітпеген. Адам жаратылысы туралы қызықты фактілерді жалғастырамыз.
Еркектердің бойы 130 см-дан төмен болғанда ергежейлі саналса, әйел адам 120 см-ден төмен болғанда ергежейлі болып есептеледі. Адам дүниеге келгенде, миында 14 миллиард жасуша болады және бұл көрсеткіш өлгенше ұлғаймайды. Керісінше, 25 жастан кейін, күніне 100 мың жасушадан азайып отырады. Кітап бетін оқуға кеткен бір минут ішінде шамамен 70 жасуша өледі. Адам аузында шамамен 40 000 бактерия болады. Папафобия – ол (Рим) Папасынан қорқу! Ашық көзбен түшкіру мүмкін емес. Адамның омыртқа жотасында 33 немесе 34 омыртқа болады. Адам ағзасындағы ең қуатты бұлшық ет - тіл. Адам денесінде 7 сабын жасауға болатын май қоры бар. Адам денесіндегі барлық сүйектердің жартысынан астамы дерлік табан мен білекте орналасқан. Адам өмірінде оның терісі шамамен 1000 рет ауысады. Адам қызарғанда, оның асқазаны да қызарады. IQ стандартты тесті бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткіш екі әйелдікі болып есептеледі. Тіс – адам ағзасында өз қалпына келу қабілеті жоқ жалғыз бөлшек. Мидың 80 пайызы судан құралған. Орта есеппен алғанда, адам басы шамамен 3,6 кг салмақты құрайды. Әйелдер еркектерге қарағанда 2 есе жиі көзді ашып-жұмады. Жүйке импульстары адам ағзасында секундына 90 метр жылдамдықпен жылжиды. Көк көзді адамдар басқаларына қарағанда аурушаң келеді. Ересек адам бойындағы жүйке тамырларының ұзындығы 75 километрге жетеді. Тізенің артын атау үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөз қарастырылмаған.Сурет: cherokeecountyiowa.com