- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адам туралы қызықты...
Адам туралы қызықты фактілер
Өзімізді адам деп атап, сайран салып жүргенімізбен, өзіміз туралы білетініміз әлбетте аз. Ғалымдар айтпақшы, өмірдегі ең басты құпия - өзіміз. Олай болса, назарларыңызға адам туралы ең қызықты деген фактілерді жинап-теріп ұсынып отырмыз.
- Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.
- Адам - барлық жаратылыс ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз сүтқоректі.
- Адамның өмір бойы өсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.
- Сары шаштылардың сақалы қара шаштыларға қарағанда тез өседі.
- Күлген адамның 17 бұлшықеті жұмыс жасайды.
- Адам өкпесінің жалпы ауданы 100 шармы метр.
- Адам ДНҚ-сында шамамен 80 000 ген болады.
- Адам баласы әрбір саусағын өмір бойында 25 миллион рет бүгеді.
- Адам жүрегінің көлемі өзінің жұдырығындай болады. Ересектердің жүрегінің салмағы шамамен 220—260 грамм болады.
- Адам ағзасында бар-жоғы 4 минерал болады: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.
- Адам миының тәулігіне шығарған электр импульстері, әлемдегі барлық телефондардың шығаратын импульстерінен асып түседі.
- Адам бойында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады.
- Адам миында әрбір секунд сайын 100 000 реакция өтеді.
- Адам туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды (чашка), ол 2-6 жас аралығында пайда болады.
- Адамның өкпесінің жалпы ауданы, теннис алаңының ауданымен шамалас.
- Кеңістік пен уақытты қабылдай алмау синдромы, ресми түрде "Алиса ғажайыптар әлемінде"(Алиса в стране чудес) аталады.
- Адамның ас ішегінің ұзындығы тірі кезінде 2,5 метр болса, жан тапсырғанда 6 метрге ұзарады.
- Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа, сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп.
- Ересек адам күніне 23 000 рет тыныс алады.
- Адамның көзі 10 000 000 түсті ажырата алады.
жалғасы бар...
сурет: kinokadr.ru