- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адам туралы және...
Адам туралы және тағы басқа қызықты фактілер
Бүгін назарларыңызға адам туралы және басқа да қызықты фактілер ұсынамыз.
- Амбидекстр - екі қолымен де бірдей игере алатын адамдар. Жер бетіндегі барлық адамдардың тек 1 пайызы ғана осындай қабілетімен мақтана алады.
- Американдық салық кодексі 7 000 000 сөзден немесе 50 000 беттен тұрады. Бұл Лев Толстойдың атақты шығармасы "Соғыс пен Бейбітшіліктен" 4 есе көп.
- Адам миының сол жарты шары оң жарты шарға қарағанда 186 миллион нейронға (жүйке жасушалары) көбірек.
- Статистика бойынша, солақайлар оңқайларға қарағанда, 9 жыл кем өмір сүреді екен.
- 12 жасында комедия жанры актері Джон Клиздің бойы 180 сантиметр болған.
- Ғалымдардың зерттеулеріне сенетін болсақ, солақайлар көбіне математикаға, архитектураға икемді келеді. Ал оңқайлар көбіне тілдесуде дарынды.
- Абазиндердің ана тілінде (Кавказ халқының бірі) 65 дауыссыз дыбыс және тек 2 дауысты дыбыс кездеседі. Олар "а" және "ы" дыбыстары.
- Ең алғаш дауысты дыбыстарға әріптерді ойлап тапқан Гректер болып есептеледі. Содан соң, грек әліппесінен басқа халықтардың әліппесі құрастырылған.
- Американдықтар интернеттегі құмар ойынға жылына 6 000 000 000 доллар жұмсайды.
- Отырып жұмыс істейтін адамдар сағатына 100 калорий жұмсайды.
- Ересек адамның денесіндегі жүйке тамырларының ұзындығы 74 километрге жетеді.
- Әлемдегі ең үлкен зират Иракта орналасқан - Wadi-us-Salaam. Бұл жерге 5 миллионнан астам адам жерленген.
- 14 жасар Бобби Фишер 1958 жылы ең жас гроссмейстер атанған.
- Вольфганг Моцарт 4 жасында музыкалық туындыны жарты сағат ішінде жаттап ала алған.
- Вундеркинд Вильям Сидис 1909 жылы 11 жаста болған кезде, Гарвард университетіне оқуға түскен.
- Уинстон Черчилль Нобель сыйлығын бейбітшілік үшін емес, өзінің әдеби еңбектері үшін алды.
- Математика саласы бойынша ешкім Нобель сыйлығын алмаған. Себебі мұндай номинация жоқ.
- Бүгінгі уақытқа дейін бірде-бір әйел экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алмаған.
- “Madeleine” - әлемдегі ең қымбат шоколад. Оны Коннектикут штатындағы Фриц Книпшилдт атты аспазшы жасап шығарған.
- Әлемдегі ең алғаш кесек шоколадты 1842 жылы Ағылшын шоколад фабрикасы Cadbury шығарған.
- Атақты мафиоз Аль Капоне адам өлтіргені немесе басқа да ауыр қылмыс жасағаны үшін емес, салық төлемегені үшін абақтыға қамалды.
Сурет: 1001facts.info
Ж. FM