Шотландиялық ғалымдар адамның қалай пайда болғандығын тапты. Олар "Адамның пайда болуына 500 миллион жыл бұрын өмір сүрген омыртқасыз жануарлардың ДНҚ-сындағы қателіктер себеп болды" дейді. Бұл туралы ABC Science хабарлады.
Данди университеті профессорларының айтуынша, Кемрбрий периодында мұхит түбінде өмір сүрген омыртқасыз бір жануардың гені екі рет екі еселеніп, көбейген. Бұл қателік клеткалар арасында байланыстың пайда болуына себеп болған. Осының арқасында олар ақпарат қабылдап, оны таратуға бейімделіп, дамыған екен.
Бірақ бұл процестен кейін орын алған кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Клеткалар арасындағы байланыстың нашарлауы қант диабеті мен түрлі неврологиялық аурулардың пайда болуына тікелей себеп болады. Осылайша адамзат баласы арасындағы бұл аурудың кең таралуының себебі осы теориямен түсіндірілді.
"Омыртқасыздар белгісіз жолмен гендерінің санын екі еселеді. Бұл процесс ұрпақ ауысқан сайын қайталана берді. Бара-бара бұл іс заңдылыққа айналды", - деп сұхбат берді зерттеу жұмысының авторларының бірі Кэрол Макинтош. Айта кетерлігі біршама "дубльдер" жоғалып кеткен екен.
Дегенмен бұл гендердің алғашқы иесі туралы анық ақпарат жоқ. Бірақ адам баласының бабасы, шамамен айтқанда, қазіргі кезде өмір сүретін Branchiostoma lanceolatum ланцентнигіне ұқсайтын жануар екендігін айта кету керек.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Carol MacKintosh©