- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адам миының мүмкіндіктері...
Адам миының мүмкіндіктері артуы мүмкін
Канадалық ғалымдар мидың жұмысына кедергі болатын молекуланы анықтады. Сол молекуланы алып тастау арқылы адам миының жұмысын жақсартуға болады екен.
Зерттеумен Макгилл Университетінің (McGill University) ғалымдары мен университет аясындағы дербес клиниканың мамандары айналысқан. Олар табылған молекуланы алып тастау арқылы мидың ауруларын да емдеуге болады дейді.
Молекула адамның есте сақтау қабілетіне де кедергі келтіріп отыр екен.
"Мида маңызды ақуыздардың бар екенін анықтадық. Олар адамның есте сақтау қабілетін шектейтін молекулаларды шығарумен айналысады. Егер осы ақуызға біз де көмектесетін болсақ, мида сақталатын ақпараттардың көлемін арттыруға болады", - дейді ғалымдар.
Енді мамандар осы молекулаларды жоя алатын компоненттерді жасаумен айналыспақ. Бұл мидың жұмысының өнімділігін арттырады.
Бұған дейін америкалық ғалымдар адамның ойын оқи алатын бағдарлама ойлап тапқан еді. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар.
Сурет: www.webicina.com
Ж. Өрісбай