Ген күшті(доминантты) және әлсіз(рецисивті) болы жіктеледі. Мысалы, қара түсті шашатың гені күшті де, ашық түсті шаштың гені әлсіздердің қатарына жатады. Ұрықану кезінде балаға ген әкесінен 50% және анасына 50% беріледі. Егер әкесінің шашы қара, анасының шашы ашық реңкке ие болса баланың шашы қара түсті болады. Дегенмен, барлық қара түс барлық жағдайда күшті бола бермейді. Бұл тұжырым тек 90%- ға дәлелденген. Сонымен қатар, көптеген тұқым қуалайтын аурулар екі әлсіз геннің жиынтығынан туындайды. Сондықтан, туысқан адамдардың арасында аурулардың көп болуы осымен түсіндіріледі. Адам ағзасында 35 мыңға жуық ген бар. Бірақ, оның санаулы бөлігі ғана маңызды ақпараттың тасымалдаушысы бола алады. Дегенмен, барлық генде кездесетін ақпараттардың керегі не? Олар пайдасыз ғой, деген ойдан арылыңыз. Ғалымдар, бұл гендер ДНҚ молекуларларының дұрыс құрылымын қалыптастырып, даму кезеңіне жауапты қызмет атқарады дейді. Дәл осы гендер адамның дүниеге келетін күніне жауап береді. Адам генінің саны қарапайым ағзаларға, соның ішінде жауын құртымен салыстырғанда 2 есе аз. Бұл адам геномында сплайсингтің алтернативті нұсқасы болуымен түсіндіріледі. Альтернативті сплайсинг бір геннен бірнеше нәруыз тізбегін алуға мүмкіндік береді. Заманауи технология көмегімен белгілі бір генді алыпқана қоймай, оны өзгертуге болады. Зиянды бөлігін кесіп тастап, оған пайдалы геннің бөлігін жалғауға болады. Ал геннің шексіз көшірмесін алу ғылымда клондау деп аталады. Генге жасалған зерттеу жұмыстары нәтижесінде тұқымқуалайтын дерттерді жоюға мүмкіндік алды. Адамның геномы Homo sapiens биологиялық түрдің геномы. Қалыпты жағдайда адамның бойында 24 жұп хромосома болуы тиіс. Оның 22-сі адамның жынысымен байланысты болмайды. Оны ғылыми түрде аутосамалық деп атайды. Ал, қалған жұп Х және У хромосомалар адамның жынысымен байланысты. Хромосомалардың құрамында 3 миллиард жұп ДНҚ нуклеотиді кездессе, оның ішінде 20000-25000 ген болады. Генмен не байланысты? Жыныс 100%Бой 80% (ер адам үшін), 70% (әйел адам үшін) Қан қысымы 45% Ұйқы кезіндегі қорыл 42% Әйел адамның опасыздығы 41% Рухани байлық 40% Діншілдігі 0% Ғалымдар адамның зияткерлік қабілет 50-70% генмен тікелей байланысты дейді. Мамандық таңдауы да оның 40% ген арқылы келген қабілетімен байланысты.