Ғалымдар басқаны қойып, өзін зерттесе де адам денесінде ашылмаған сыр көп. Сондай қызық құпияның шетін шығарып, бір топ факті ұсынамыз.
Денедегі барлық қан тамыр қосындысы 96 мың км құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналумен тең.
Ересек адамның денесінде 7000 000 000 000 000 000 000 000 000 (7 октиллион) атом бар.
Адам миы компьютер болғанда секундына 38 мың триллион операция жасай алар еді. Біздің заманымыздағы ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды. Ал ми минутына 1000 сөз оқи алады.
Адам денесі секунд сайын 25 миллион жаңа жасуша шығарады.
Адам ағзасындағы ең қатты зат – тіс эмалі.
Адам бар өмірінде 25 мың литр түкірік бөледі.
Ащы ішектің ұзындығы адам бойынан төрт есе ұзын.
Дененің әр сантиметр квадратында 32 миллион бактерия өмір сүреді.
Адам өмір бойы орта есеппен 18 кг тері шығарады.
Мұрын 50 мың түрлі иісті ажырата алады.
Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді.
Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін).
Денедегі калория мен оттегінің 20 пайызын ми тұтынады.
Әр бүйректегі миллиондаған фильтр бір минутта 1,3 литр қан тазалауға қауқарлы.
Кез келген адамның денесінде жарты миллион тер безі болады, олар күніне жарты литр тер бөліп шығарады.
Адам бойы таңертең түндегімен салыстырғанда 1 см ұзын болады. Себебі омыртқа арасы түнде босаңсып, түрегеп жүргенде жиырылады.
Адам ДНҚ-сының жартысы банан ДНҚ-сына ұқсас келеді.