CES 2013 технологиялық жәрмеңкесінде көпшілікке танысытырылған Xperia Z смартфонын жуынатын бөлмеде қолдана беруге болады.
Бұл үшін Sony компаниясы смартфонды арнайы қорғаныс әйнегімен жабдықтаған екен. Сондай-ақ қорғаныс ұлпасы ретінде Sony Xperia Z-нің екі беті пленкамен қоршалған. Өндірушілердің айтуынша, бұл қос қорғаныстың арқасында смартфонды кез келген ауа-райында пайдалана беруге болады. Тіпті сіз душ немесе ванна қабылдап жатсаңыз да, бұл телефонның қызметтерін пайдалана аласыз.
Айта кетейік, бұл Sony компаниясының бірінші суға қарсы смартфоны емес. Ертеректе компания ылғалға қарсы Xperia V, Xperia go және Xperia acro S моделіндегі смартфондар шығарған болатын.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gn0Q2qsqM30","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: dgl.ru