Samsung компаниясы Galaxy Xcover 2 смартфонын таныстырды

Samsung компаниясы Galaxy Xcover 2 смартфонын таныстырды

Samsung жуырда Galaxy Xcover 2 атты жаңа смартфонын таныстырды. Бұл смартфон бірінші кезекте саяхатшылар мен көңіл көтеруді жақсы көретін адамдарға қолайлы екен.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, Galaxy Xcover 2 өзге смартфондарға қарағанда қорғанысы берік. Сондай-ақ, құм және шаңнан сақталған. Қалбыры да арнайы қорғаныспен жарақталған. Судың астында бірнеше метр тереңдікте де жұмыс істей береді.

Сонымен қатар жаңа девайстан Google-дің жасақталған GPS/GLONASS карталық қызметтерін көруге болады. Galaxy Xcover 2 смарфонында 1700 мАч қуаттағышы бар. Ол арқылы сіз телефонды 570 сағат бойы үздіксіз пайдалана аласыз. Смарфон Android 4.1 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Jelly Bean атты 2 ядролы жүйелік блогы да бар. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: planshe.ru 

Ю. НИКУЛЛИН