Philae аппараты Жермен байланысқа шықты

Philae аппараты Жермен байланысқа шықты
Фото: hi-news.ru

Күннің энергиясын зерттеуге бағытталған Philae аппараты Жермен қайта байланысқа шықты. Айта кетейік, астрономдар Rosetta ғарыштық жобасының бір модулі болған аппаратпен соңғы алты ай бойы мүлде байланыс орната алмаған. Себебі Philae үлкен жылдамдықпен қозғалатын кометаға қондырылған болатын. Бұл туралы Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) ресми түрде мәлімдеді.

Өткен жылдың қараша айында жүзеге асырылған жоба 67P/Чурюмова – Герасименко кометасына қондырылып, күннің құрылымын зерттеуі тиіс болатын. Себебі аталған комета Күнге бағытталып ұшуда. Дегенмен, Күн энергиясы негізінде жұмыс істейтін аппарат кометаның көлеңке бетінде қалып, жеткілікті қуатпен қамтамасыз етілмей қалады. Нәтижесінде бар қуаты алғашқы 60 сағат ақпарат алмасуға жетіп, кейін мүлде байланыс үзіледі.

Кометаның Күнге жақындай түсуі Philae аппаратының қуат жинақтай алуына мүмкіндік берген. Philae аппаратының алғашқы жіберген сигналы мынадай мәтінді құрады:

Philae аппаратын негізгі бақылауда ұстайтын немістің ғарыштық орталығы байланыстың 85 секундқа жалғасқанын айтады.

«Philae зондының жұмыс істеу алгоритмі орнында. Оның сыртқы температурасы Цельсий бойынша -35 градусты қамтып отыр. Ал қуат мөлшері 24 ватт энергияны көрсетеді. Аппарат енді мәлімет жіберумен айналысады», - дейді жоба жетекшісі Стефан Уламек (Stephan Ulamec).

Естеріңізге сала кетсек, Philae зонды 67P кометасына қонғанға дейін ғарышты 10 жыл айналып жүрді. Ал комета Жерге жақындай түскен кезде астрономдар модульді оған сәтті қондыра алды. Жоба жетістігін енді көретін боламыз.

Ж. Өрісбай