2006 жылы ұшырылған «Жаңа көкжиектер» (New Horizons) ғарыш аппараты Плутонға қарай сағатына 60 000 шақырым жылдамдықпен ұшып барады. Биылғы жылдың 14 шілдесінде алып шарға ең жақын нүктеге жетіп, Күн жүйесіндегі ең үлкен ғарыш нысандарының біріне қатысты мәліметтер жеберетін болады.
Ұлттық ғарышты игеру қауымдастығы (National Space Society) бұл тарихи сәтті бүкіл әлем болып көру мақсатында «New Horizons» деп аталатын видеоролик ұсынады.
Айта кетсек, осыған дейін «Жиһангер» («Wanderers») қысқаметражды фильмімен аты шыққан Эрик Вернквист тарихи жетістіктің жарнама видеосын дайындаған.