- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA метан газымен...
NASA метан газымен жұмыс істейтін қозғалтқышты сынады (видео)
Метан — табиғи газдардың ішіндегі ең қауіпті элемент түрі. Ол Жер атмосферасында қауіпті болғанымен, ғарышта таптырмайтын энергия көзіне айналады. Метан қазіргі таңда зымыран жанармайы ретінде қолданылып жүрген сұйық сутекке қарағанда тиімді. Ол жоғары температурада тұрақты әрі тығыз болып сақталады. Нақтырақ айтсақ, көлемі кішкене жабдыққа метанның тығыздығын төмендетіп, сақтау мүмкіндігі бар. Бұл алыс ғарышқа сапар шегу үшін өте маңызды болмақ.
NASA ғарыш агенттігінің инженерлері метан газын жанармай ретінде қолдана алатын қозғалтқышты дамытып жатыр. Агенттік ғалымдар айтуынша, адамдар болашақта өзге ғаламшарлардың атмосферасынан метан газын өндіретін болады. Нәтижесінде Марсты бағындыру үдерісінде Жерге қайту сапары үшін артық жанармай қамдаудың қажеті болмайды.
Сынақтан өткен қозғалтқыш 3D-принтердің көмегімен құрастырылған. Тәжірибе барысын төмендегі видеодан көре аласыздар:
Қазіргі таңда ғалымдарға Күн жүйесіндегі Титан сынды (Сатурн серігі) табиғи серіктердің атмосферасында метан газының үлкен қоры бар екені белгілі. Сондықтан мұндай әдіс Жерден алыстағы ғарыш нысандарын зерттеуде тиімді болмақ.
Ж. Өрісбай