Америкалық NASA ғарыш агенттігі Жерге SP1 ірі астероиды жақындап келе жатқанын хабарлады. Оның көлемі Лондондағы Вестминстер сарайының сағат-мұнарасымен бірдей екен. NASA астероидтың нақты көлемін айта алмай отыр. Болжам бойынша, оның ұзындығы 70-160 метр. Астероид сағатына 60 мың километр жылдамдықпен келе жатқан көрінеді. SP1 мен Жер арасындағы ең қысқа қашықтық 3 қазан күні 0,03926 астрономиялық бірлік (немесе 5,87 миллион километр) болады деп болжанып отыр.