Обсерваториялар мен телескоптардан алынған суреттер сұр түсті болып көрінеді. Сондықтан, ғалымдар галактикалар мен ғарыш нысандарының фотоларын өңдеп отырады екен.
Сіз NASA ғарыш агенттігінің орбитадағы Хаббл телескобы түсірген фотоларды көрген боларсыз. Бұл фотолар агенттіктің ресми сайтында жарияланып отырады.
Телескоппен түсірілген сурет мынадай болады:
Олар көркем көрінуі үшін ғалымдар фоторедактор пайдаланады екен.
Телескоптың суретке түсіруі көп уақыт алады. Адамның көзі бізге қарай миллиондаған жыл бойы ұшып келетін жарықты көруге қауқарсыз. Оның үстіне ғарыштағы телескоптың өзі бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болады.
Суреттің алғашқы және өңделген нұсқасы
Телескоптар фотоны әртүрлі спектрларда түсіреді. Барлық спектрлар бір фотоға жинақталғанда ғана адам оны көре алады екен. Ендеше, өңделген ғарыш суреті алғашқы нұсқасынан өзгеше болуы әбден мүмкін. Тіпті, мамандар өңдеу барысында алдыңғы шепте тұрған жұлдыздардың көлемін кішірейтіп көрсетеді екен.
Сурет: techno.bigmir.net
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды
Марстан тасқа қашалған мысық бейнесі табылды
2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
Астрономдар 8 жаңа экзоғаламшарды тапты